Дастан Сәтбаев Англияда «матчтың үздік ойыншысы» атанды
Англия Чемпионшипінің 4-ші туры аясында өткен «Бёрнли» мен «Мидлсбро» кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойынның қорытындысы бойынша «Бёрнли» сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Sky Bet EFL Player of the Match» (Матчтың үздік ойыншысы) жүлдесіне ие болды.
Бұл туралы клубтың ресми Instagram парақшасы ойыншының марапатпен түскен суретін жариялады.
Кездесудегі алғашқы голды 23-минутта қонақтар сапынан Э. Моррис соқса, 54-минутта У. Рагубер таразы басын теңестірді.
A post shared by Burnley Football Club (@burnleyofficial)
Осылайша, Дастан Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанып отыр.
- Соңғы
- Қыркүйек, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қыркүйек 2026