Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балағат сөз айтқаны үшін қамаққа алынды

kz.otyrar.kz

Балағат сөз айтқаны үшін қамаққа алынды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат А.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасау фактісі жөніндегі әкімшілік істі қарады.

Сот отырысында анықталғандай, Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінің маңында такси қызметін пайдаланып, сапар аяқталғаннан кейін азамат А. такси жүргізушісі С.-ға балағат сөздер айтып, автокөліктен шығудан бас тартқан және оған қоқан-лоқы көрсеткен. Осылайша, А. өз әрекеттерімен айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Аталған факті полиция басқармасында әлеуметтік желідегі Instagram-да оқиғаның бейнежазбасы жарияланғаннан кейін тіркелген. Сот отырысында А. өз кінәсін толық мойындады.

Сот азамат А.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығын ескерді. Құқық бұзушылық қасақана жасалып, қоғамдық тәртіпті бұзудан, айналасындағыларға құрметсіздік танытудан және өзге тұлғалардың тыныштығын бұзудан көрініс тапқан.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не 5-тен 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат А.-ға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар