Қазақстандағы ең қымбат Haileybury Astana мектебі қанша табыс табады
Қазақстанда ең қымбат жеке мектеп – Haileybury Astana 2025 жылы 358 миллион теңге таза пайда тапқан, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Аталмыш білім ордасы британдық білім беру стандарттарымен жұмыс істейді. «Haileybury Astana School» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2025 жылғы аудиторлық қаржы есептілігіне сәйкес, ұйым жылды 358 млн теңге (2024 жылы – 1,05 млрд теңге) таза пайдамен аяқтады. Пайда көлемі бір жылда үш еседей азайған.
Таза пайданың азайғанына қарамастан, мектептің жалпы түсімі (білім беру қызметтері мен мектеп формасын сатудан түскен түсім) 6,9 млрд теңгеден 8,7 млрд теңгеге дейін өсті. Қызметтердің өзіндік құны 5,4 млрд теңгеден 6,8 млрд теңгеге артса, әкімшілік шығыстар 1,2 млрд теңгеден 1,7 млрд теңгеге жуықтады.
2014 жылдың сәуірінде құрылған бұл мекеме мектепке дейінгі тәрбиеден бастап орта білім беруге дейінгі кезеңді қамтиды. Англия мен Уэльсте тіркелген «Haileybury Enterprises Limited» ұйымымен жасалған келісім негізінде, ол британдық «Haileybury and Imperial Service College» халықаралық оқыту жүйесін Қазақстанның мемлекеттік стандарттарымен ұштастыра отырып ұсынады.
Компания акцияларының:
Комммерциялық емес ұйым болғандықтан, мектеп акционерлерге дивиденд төлемейді, барлық тапқан табысын білім беру сапасын арттыруға бағыттайды.
2025 жылы мектеп жаңа STEM орталығының құрылысын аяқтап, оны заманауи құралдармен жабдықтады. Осының нәтижесінде ұйымның негізгі құралдарының құны 5,7 млрд теңгеден 8,8 млрд теңгеге дейін өсті. Жобаны қаржыландыру үшін ForteBank-тен несие желісі тартылып, жыл соңындағы қарыз қалдығы 757 млн теңгені құрады.
Ұйымның жалпы активтері 11,2 млрд теңгеден 12,9 млрд теңгеге, ал капиталы 8,6 млрд теңгеге жетті. Мектептің ақшалай қаражаты мен олардың баламалары жыл соңында 2,2 млрд теңге деңгейінде сақталды. Келер оқу жылына оқушылардан алынған аванс төлемдері (келісімшарттық міндеттемелер) 2,7 млрд теңгеге жуықтаған.
Haileybury Astana мектебіндегі оқу ақысы фунт стерлингпен есептеледі. 680 теңге курсымен есептегенде, бастауыш сыныптарда білім алу құны 12,4 млм теңгеден басталып, жоғары сыныптарда 18,5 млн теңгеге жетеді.
Forbes Kazakhstan ұсынған мәліметке сүйенсек, Алматы мен Астанада бас-аяғы 204 жекеменшік мектеп бар. Өткен жылмен салыстырғанда бұл екі қалада жеке мектептердің саны 25-ке артқан.
- Соңғы
- Қыркүйек, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қыркүйек 2026