Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан алғашқы АЭС құрылысы бойынша келісімшартқа қол қойды

kz.kursiv.media

Қазақстан алғашқы АЭС құрылысы бойынша келісімшартқа қол қойды

Ресейдің Владивосток қаласында өтіп жатқан XI Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасында атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі Келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жобасы жаңа практикалық кезеңге өтті. Осыған байланысты «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» мемлекеттік атом энергиясы корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Атомстройэкспорт» АҚ арасында келісімшартқа қол қойылды.

Құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қатысты.

Келісімшартқа қол қою Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жобасын іске асырудың жаңа практикалық кезеңінің басталғанын білдіреді.

2026 жылғы 28 мамырда жасалған үкіметаралық келісімге сәйкес, тараптар енді белгіленген рәсімдерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен қажетті келісу жұмыстарын жүргізуге кіріседі.

АЭС құрылысы – стратегиялық жоба

АЭС жобасын іске асыру Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Экономика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, цифрландыру және жасанды интеллект салаларының қарқынды дамуына байланысты елдің тұрақты әрі сенімді электр энергиясына деген сұранысы алдағы жылдары арта түседі.

«Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада тұрақты базалық электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар АЭС құрылысы отандық өнеркәсіпті дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жоғары білікті мамандар даярлауға қосымша мүмкіндік береді», – деп хабарлады Атом энергиясы жөніндегі агенттік.

Жобаны іске асыру Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ атом энергетикасы саласында ұлттық кадрлық резерв қалыптастыруға бағытталған.

Жергілікті қамтуға басымдық беріледі

Алғашқы АЭС құрылысы барысында жергілікті қамтуға ерекше мән берілмек. Жобаға қазақстандық кәсіпорындарды, мамандарды, тауар өндірушілерді, сондай-ақ отандық жұмыстар мен қызмет көрсетушілерді барынша тарту көзделіп отыр.

АЭС құрылысы жаңа өндірістер мен технологияларды игеруге, отандық өнеркәсіптің дамуына және атом энергетикасы саласындағы ұлттық құзыреттерді қалыптастыруға серпін беруге тиіс.

Жобаның іске асуы Қазақстанда тұрақты экономикалық өсімнің ұзақ мерзімді негізін қалыптастырып, елдің заманауи атом энергетикасын дамыту жолындағы маңызды кезеңдердің біріне айналмақ.

Еске салсақ, Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталатынын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент отырысында мәлімдеген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар