Алматы маңында «лазерлі» жаяу жүргіншілер өткелі іске қосылды
Алматы облысында төрт «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі іске қосылды.Төрт өткелдің бірі Есік қаласындағы Есік–Саймасай жолының бойында, алтыншы саяжай алабының кіреберісіне қойылды. Жүйе жаяу жүргіншінің жолға шыққанын анықтап, жүргізушіге дер кезінде ескерту береді.
Өткелдің басты ерекшелігі – жүйе жолдың жүріс бөлігіне шыққан жаяу жүргіншіні автоматты түрде танып, бұл туралы жүргізушіге белгі береді. Бұл технология әсіресе қараңғы уақытта өзекті. Себебі мұндай кезде кәдімгі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды жүргізушінің байқап қалуы қиындай түседі.
«Ақылды» өткелдер пилоттық жоба аясында орнатылды. Қазіргі уақытта облыста осындай төрт нысан жұмыс істеп тұр.
Полицияның мәліметінше, жоба ең алдымен жаяу жүргіншілердің, соның ішінде балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
«Жыл соңына дейін облыс аумағында тағы бір «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелін орнату жоспарланып отыр. Жол инфрақұрылымындағы заманауи нысандарды енгізу жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, әсіресе балалар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Полиция жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңында мұқият болып, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.
Тағы да оқыңыз: Алматы облысында жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді
- Соңғы
- Қыркүйек, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қыркүйек 2026