Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

BYD Sealion 08 кроссовері сатылымға шықты

kz.kursiv.media

BYD Sealion 08 кроссовері сатылымға шықты

Қытайдың BYD компаниясы жаңа үлкен кроссовер – Sealion 08 моделінің ресми сатылымын бастады.

Қытай көліктерінің хабарлауынша, кроссовер бес немесе алты орындық салонмен, гибридті және толық электрлі нұсқаларда ұсынылған.

Кроссовердің өлшемі – 5115×1999×1800 мм, доңғалақ базасы – 3030 мм. Салондағы стандартты жабдыққа 12,3 дюймдік аспаптар панелі мен 17,3 дюймдік мультимедиа экраны, үш аймақты климат-бақылау, панорамалық шатыр, 20 динамикті аудиожүйе, смартфонды сымсыз қуаттау, сондай-ақ алдыңғы және екінші қатар орындықтарын жылыту, желдету және массаж функциялары кіреді.

Онда 1,5 литрлік 156 ат күшіндегі бензин қозғалтқышы және 272 ат күшіндегі электр моторы бар. Толық жетекті нұсқасына артқы оське тағы бір 272 ат күшіндегі электр моторы қосылады. Электр режиміндегі жүріс қоры –400 және 350 шақырым.

Толық электрлі Sealion 08 артқы жетекті 503 ат күшіндегі немесе қос моторлы толық жетекті 796 ат күшіндегі нұсқада ұсынылып отыр. 115 кВт·сағ батареямен жабдықталған модельдің жүріс қоры 900 және 800 шақырымға жетеді.

Кроссовердің барлық нұсқасы екінші буындағы Blade аккумуляторларымен және жылдам қуаттау технологиясымен жабдықталған. Сонымен қатар модельде артқы дөңгелектерді басқару жүйесі және лидар, радарлар мен сенсорлардан тұратын God’s Eye B жүргізушіге көмек көрсету жүйесі бар.

Қытай нарығында гибридті BYD Sealion 08 бағасы шамамен 15,6–18,3 млн теңге аралығында. Электрлі нұсқасы 16,3–9,0 млн теңгедей тұрады.

Айта кететін жайт, жаяуда BYD Seal 06-ға бәсекелес Qin Max моделін шығарған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар