Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балқашта пойыз ер адамды қағып өлтірді

kz.kursiv.media

Балқашта пойыз ер адамды қағып өлтірді

Балқаш қаласына кіре берістегі көпір астында орналасқан теміржол учаскесінде жүк пойызы 34 жастағы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Көліктегі полиция департаменті қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қарағанды-Сұрыптау станциясында абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.

Осыған дейін Қарағанды – Маңғыстау жолаушылар пойызы Ұлытау облысындағы Атасу – 117-ші разъезд теміржол учаскесінде үш жылқыны қағып кеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар