Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Олимпиада туын екі мәрте көтерген Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

kz.kursiv.media

Олимпиада туын екі мәрте көтерген Абзал Әжіғалиев спорттағы мансабын аяқтады

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиев кәсіби спортпен қоштасатынын мәлімдеді. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялады.

Абзал Әжіғалиев шорт-трекпен 24 жыл бұрын танысып, 2009 жылдан бастап ел ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп келді. Спортшы өзінің жазбасында жүріп өткен жолына көз жүгіртіп, қолдау көрсеткен отбасына, бапкерлеріне, командаластарына, дәрігерлерге және барша жанкүйерлерге шынайы алғысын білдірді.

«Биыл кәсіби спортшы ретіндегі мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Кез келген спортшының жолында жаңа белеске қадам басар сәті келеді. Мен үшін дәл сондай кезең басталды. Осы жылдардың әр сәтіне ризамын. Енді сол жолдың жалғасын жаңа міндетпен жалғастыратын уақыт келді. Алдағы мақсатым – жинаған тәжірибем мен білімімді Қазақстан спортының дамуына арнау», – деді Абзал Әжіғалиев.

Сонымен қатар Абзал ұлттық құраманың жанында болып, жас спортшыларға бағыт-бағдар беруді және Қазақстанда шорт-тректі өркендетуді өз азаматтық әрі спорттық парызы деп санайтынын жеткізді.

Абзал Әжіғалиев төрт бірдей қысқы олимпиадаға қатысты. 2014 жылы Сочиде 5-орын, 2018 жылы Пхенчханда 6-орын алса, 2022 жылы Бейжіңде 500 метр қашықтықта 4-орынға табан тіреп, жүлдеге бір табан жақын тоқтады.

2018 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын көтеріп шықты.

Еліміздің тарихында алғаш рет 2016 жылы Әлем кубогы кезеңінде (500 метр) алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері, 2025 жылғы Азия ойындарында ерлер эстафетасы бойынша чемпион атанды.

Спортшы өз сөзін: «Менің спорттағы миссиям аяқталған жоқ. Енді жаңа деңгейде жалғасады», – деп түйіндеді.

Абзал Әжіғалиев ел ішінде де барлық қашықтықтар бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Оқи отырыңыз: «Медальдан маңызды дүние бар»: Абзал Әжіғалиевтің әйелі мәлімдеме жасады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар