Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Президентке тікелей бағынатын 14 орган тағайындалды (инфографика)

kz.kursiv.media

Президентке тікелей бағынатын 14 орган тағайындалды (инфографика)

2026 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін 14 мемлекеттік орган бар. Оның 13-інің басшысы белгілі. Олардың бірі бұл қызметке 2019 жылы келіп, әлі ауысқан жоқ, енді бірі жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін қайта тағайындалды, деп жазады Kursiv.Media.

Бұл органдардың негізгі тізімі Президенттің 2008 жылғы 11 наурыздағы №552 жарлығымен бекітілген. Кейін тізім бірнеше рет өзгерді: Атом энергиясы жөніндегі агенттік қосылды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҰҚК құрамына өтті. Ал 2026 жылғы 29 тамызда Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты Президентке тікелей бағынатын жеке мемлекеттік орган ретінде құрылды.

Қазіргі басшылардың арасында қызметіне ең ерте келгені — Мәдина Әбілқасымова. Ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы болып 2019 жылғы 18 желтоқсанда тағайындалды. Ақорданың ашық деректерінен оны кейін қайта тағайындау туралы жеке жарлық табылмады. Алайда 2026 жылғы қаңтардағы ресми кездесуде ол агенттік төрайымы ретінде көрсетілген.

Ең кейінгі кадрлық шешімдер Бас прокуратура, Ұлттық банк және ҰҚК-ге қатысты болды. Берік Асылов 7 шілдеде, ал Тимур Сүлейменов пен Ермек Сағымбаев 24 тамызда қайта тағайындалды.

Әсет Ерғалиев пен Жанат Элимановтың жағдайы бөлек. Екеуі де өздері басқарып отырған агенттіктерге бұрын жетекшілік еткен, кейін басқа қызметке ауысып, қайта оралды. Сондықтан кестеде олардың қазіргі қызмет мерзімі басталған күн көрсетілді.

Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа аппаратына қатысты да мәртебелерді шатастырмаған жөн. Аида Балаева 31 тамызда Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бірақ Ақорда оны Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы деп атаған жоқ. Сағат 11:50-дегі жағдай бойынша жаңа органды басқаратын тұлға туралы жеке жарлық жарияланбаған.

Конституцияның 46-бабына сәйкес, Президент өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Олардың басшыларын да өзі тағайындап, қызметінен босатады. Бұл лауазымдарға тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет емес.

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін 14 органнан бөлек, Мемлекет басшысы Үкімет құрамындағы үш министрді – сыртқы істер, қорғаныс және ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды. Бұл тағайындауларға Құрылтайдың келісімі талап етілмейді.

Алайда бұл үш министрлік Президентке тікелей бағынатын 14 мемлекеттік органның тізіміне кірмейді. Олар – Үкімет құрамындағы орталық атқарушы органдар. Конституция бойынша Үкімет өз қызметінде Президент пен Құрылтай алдында жауапты, ал Үкімет мүшелері көзделген жағдайларда Құрылтайға есеп береді.

Қазақстан Республикасының вице-президентін Президент Құрылтай депутаттарының көпшілік келісімімен тағайындайды. 2026 жылғы 31 тамызда Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды.

Вице-президент Президентке бағынышты: оны қызметінен Президент босатады, өкілеттігін де Мемлекет басшысы айқындайды. Ол Президенттің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа мемлекеттік органдармен байланыс кезінде Президент атынан өкілдік етеді.

Дегенмен вице-президентті де Президентке тікелей бағынатын 14 органның қатарына қосуға болмайды. Себебі ол мемлекеттік орган емес, Конституцияда жеке белгіленген жоғары мемлекеттік лауазым.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар