Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

7 алтын: Қазақстандық қол күрес шеберлері 12 медаль алды

kz.kursiv.media

7 алтын: Қазақстандық қол күрес шеберлері 12 медаль алды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қол күрес шеберлері 7 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

Жарыста ел намысын алты спортшы қорғап, өз салмақ дәрежелерінде жүлдеге ие болды.

Ұлжан Оралбай 65 келіге дейінгі салмақта сол және оң қолмен күрестен екі күміс медаль алды.

Малена Сыдықжан 65 келіден жоғары салмақта екі алтын медаль жеңіп алды.

Бахит Ақжигитов 70 келіге дейінгі салмақта сол қолмен күрестен күміс, оң қолмен күрестен қола жүлдеге ие болды.

Данил Устинов 80 келіге дейінгі салмақта сол қолмен күрестен алтын, оң қолмен күрестен күміс медаль жеңіп алды.

Нұрдәулет Айдархан 90 келіге дейінгі салмақта сол және оң қолмен күрестен екі алтын медаль иеленді.

Медет Құттымұратов 90 келіден жоғары салмақта сол және оң қолмен күрестен екі алтын медаль жеңіп алды.

Публикация от Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы (@ulttyqatsport.kz)

Осылайша, Қазақстанның қол күрес шеберлері Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы 12 медальеншіледі: 7 алтын, 4 күміс және 1 қола.

Бұған дейін Қазақстан құсбегіліктен төрт медаль еншілеген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар