Үкіметте кадрлық өзгерістер: Нәлібаев, Мәдиев пен Жұманғарин қайта тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Үкімет құрамында бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып қайта тағайындалды. Ал Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінде қалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалсын», – делінген президент жарлығында.
Ол бұл қызметке 2026 жылғы 6 мамырда тағайындалған болатын. Содан бері Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.
Жаслан Хасенұлы Мәдиев те ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Тоқаевтың жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінде қалды.
Серік Жұманғарин бұл қызметке алғаш рет 2024 жылғы 21 желтоқсанда тағайындалған болатын.
Мұның алдында президент жарлығымен Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басшылары да қайта тағайындалған еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қыркүйек 2026