Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Төтенше жағдайлар министрін ауыстырды

kz.kursiv.media

Тоқаев Төтенше жағдайлар министрін ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Шыңғыс Әріновтің орнына келді.

«Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген президент жарлығында.

Мұрат Мұханов 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын және Ресейдің Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде бас маман болып бастаған. 2006–2014 жылдары департамент құрылымында түрлі қызметтер атқарды.

2014–2017 жылдары Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің, кейін басқармасының бастығы болды. 2017–2020 жылдары Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары, ал 2020–2023 жылдары департамент бастығы қызметін атқарды.

2023–2024 жылдары ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарды. 2024 жылғы сәуірден осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болды.

Ал экс-министр Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі қызметіне 2024 жылғы 6 ақпанда тағайындалған болатын. Осы уақытқа дейін министрлікті 2 жыл 7 айға жуық басқарды.

Мұның алдында Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевтті Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі етіп қайта тағайындады. Ал Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметінде қалды.

Сондай-ақ президент жарлығымен Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басшылары да қайта тағайындалған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар