Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Табиғатты құртты": Лотос өсірген қыздардың әрекеті сынға қалды

kz.kursiv.media

Табиғатты құртты: Лотос өсірген қыздардың әрекеті сынға қалды

Атырауда лотос алқабын өсірген қыздардың оқиғасы желідегі басты тақырыптардың біріне айналды. Бастапқыда көпшілікті сүйсіндіргенмен, аз уақыт өтпей жатып сынға қалды деп хабарлайды Kursiv.Media.

Экологтардың сөзінше, лотос Жайық өзеніне түскен соң тез көбейіп, жергілікті су өсімдіктерін ығыстыра бастауы мүмкін. Нәтижесінен экожүйе өзгереді. Лотос тығыз өскен сайын күн сәулесінің су астына өтуіне кедергі келтіріп, балықтар мен судағы басқа да тіршілік көздеріне қауіп төндіруі мүмкін.

Басқа өңірлерде лотосты бастапқыда сәндік мақсатта отырғызған жағдайлар болған. Алайда кейін ол тез таралып, проблемаға айналған көрінеді. Әрі оны жойып тастау да оңай емес. Тамыры су түбіндегі топырақта орналасқандықтан оның жою және таралуын бақылау үшін қомақты ресурс қажет болуы мүмкін.

Сондықтан кей желі қолданушылары қыздардың ата-анасын жауапқа тарту керек деген пікірлер де айтады.

Айта кетейік, атыраулық Шаттық Хами мен Айым Жанкелді есімді қыздар екі жыл ішінде Жайық өзеніне лотос алқабын өсірген. Аумағы кішігірім футбол алаңына ұқсайды. Дегенмен кей мамандар лотостардың нақты ботаникалық түрін анықтау үшін арнайы тексеру жүргізетінін айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар