Орал маңында қосалқы станцияда тоқ соққан 10 жастағы бала көз жұмды
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына жақын Круглоозерное ауылында электр қосалқы станциясының аумағында 10 жастағы бала тоққа түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Кursiv.Media
БҚО полиция департаментіне сүйенсек, қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні кешке болған. 2015 жылы туған бала электр қосалқы станциясына көтеріліп, ток соққан. Ол жерге құлап, оқиға орнында қайтыс болған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
«Мой город» басылымының жазуынша, қосалқы станцияның аумағы қоршалмаған, ал нысанның есігі құлыпталмаған. Ауыл тұрғындары қосалқы станциядағы кернеу 10 мың вольт болғанын айтқан. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.
Куәгерлер оқиға кезінде жарық жарқылын және ұшқындарды көргенін, кейін баланың нысаннан жерге лақтырылып түскенін айтқан. Сол маңда болған балалар болған жағдайды баланың ағасына жеткізген. Ол оқиға орнына келіп, балаға көмек көрсетуге тырысқан.
Тергеу барысында нысанда қауіпсіздік талаптарының сақталуы да тексеріледі.
Полиция ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіруге шақырды.
- Соңғы
- Қыркүйек, 03
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
4 қыркүйек 2026