Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қандай жүрілген көліктерді сатып алмаған жөн – маман кеңесі

kz.kursiv.media

Қандай жүрілген көліктерді сатып алмаған жөн – маман кеңесі

Америкалық GoBankingRates порталы автокөлік жөндеу маманы Грег Деймонның сатып алуға кеңес бермейтін жүрілген көліктерін атады. Сарапшының пікірінше, мұндай көліктерді сатып алудағы үнем кейін қымбат жөндеу шығынына айналуы мүмкін.

«Апта сайын көліктерді тексеріп, жөндейтін адам ретінде кейбір модельдердің иелеріне қомақты шығын әкелетінін талай көрдім», – деді Деймон.

Тізімде бірінші болып BMW X5 тұр. Маманның айтуынша, еуропалық премиум көліктердің басты мәселесі – кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін оларды жөндеудің күрделілігі мен қымбаттығы. X5 моделінде жиі кездесетін ақаулардың қатарында майдың ағуы, пневматикалық аспаның істен шығуы және электроникадағы ақаулар аталады.

Деймон 2013–2015 жылдары шығарылған Nissan Altima модельдерін алуға кеңес бермейді. Бұған негізінен вариатор мен қозғалтқыштағы ақаулар себеп. Сарапшының айтуынша, CVT беріліс қорабындағы ақаулар көлік жүрісі 100 мың шақырымға жетпей-ақ пайда болуы мүмкін. Ал мұндай трансмиссияны жөндеу айтарлықтай қымбатқа түседі.

Басқа мамандардың пікірінше, 2018 және 2021 жылғы Hyundai Kona модельдерін таңдағанда да сақ болған жөн. Көлік иелері қозғалтқыштан тарсыл естілгенін, көліктің жүріп келе жатып өшіп қалғанын және кей жағдайда қозғалтқышты ауыстыруға дейін жеткізген елеулі ақаулар болғанын хабарлаған.

Тізімге Chevrolet Cruze, әсіресе алғашқы шығарылған жылдардағы модельдер де енді. Мамандар бұл көлікте салқындатқыш сұйықтықтың ағуы, су сорғысының істен шығуы, электр жүйесі мен трансмиссияға қатысты ақаулар кездесетінін атап өткен.

Тізімді Range Rover түйіндейді. Бұл модельде қызмет көрсету құнының жоғарылығына қоса, аспада, қозғалтқышта және электроникада түрлі мәселелер туындауы мүмкін. Әсіресе пневматикалық аспаны жөндеу қомақты шығынға әкелуі ықтимал.

Айта кетейік, бұл тізім – америкалық автокөлік жөндеу маманының жеке пікірі. Сондықтан оны барлық жүрілген көліктердің сенімділігі бойынша жасалған рейтинг деп қабылдамаған жөн. Дегенмен сарапшы аталған модельдердің кез келгенін сатып алар алдында көліктің техникалық жағдайы мен оған көрсетілген қызмет тарихын мұқият тексеруге кеңес береді.

Бұған дейін Kursiv Auto 400 мың шақырымнан астам жол жүре алатын ең ұзақ қызмет ететін алты жол талғамайтын көлік туралы жазған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар