Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«ҚазМұнайГаз» қытай нарығынан 3,5 млрд юань қарыз тартты

kz.kursiv.media

«ҚазМұнайГаз» қытай нарығынан 3,5 млрд юань қарыз тартты

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Гонконг қор биржасында жалпы көлемі 3,5 млрд қытай юанін құрайтын облигациялар орналастырған. Теңгеге шаққанда тартылған қарыз көлемі 237,3 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Кursiv.Media.Мәміле компанияның 10 миллиард юаньға дейінгі орта мерзімді облигациялар шығару бағдарламасы (Medium Term Note Programme) аясында жүзеге асырылған. Облигациялар 2026 жылғы 2 қыркүйекте орналастырылған. Оның ішінде 1,5 млрд юань көлеміндегі бес жылдық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,3%, ал кірістілігі 2,45% болды. Сонымен қатар 2 млрд юань көлеміндегі он жылдық облигациялар бар. Бұл облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,8%, ал кірістілігі 2,98% деңгейінде белгіленді.Облигациялар шығарылымына Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Baa1 кредиттік рейтингін берді. Бұл «ҚазМұнайГаздың» қазіргі эмитенттік рейтингімен бірдей.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар