Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Анасын өлтірді деп айыпталған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

kz.kursiv.media

Анасын өлтірді деп айыпталған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Ақтөбеде анасын өтірді және әжесіне шабуыл жасады деп айыпталған жасөспірімге қатысты сот аяқталды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«Диапазон» басылымының хабарлауынша, сот оның психикалық дертке шалдыққанын анықтап, мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 2 желтоқсанында Ақтөбе орталығындағы пәтерлердің бірінде болған. 11-сынып оқушысы 41 жастағы анасына шабуыл жасап, салдарынан әйел көз жұмды. Оқиға кезінде жасөспірімнің 72 жастағы әжесі де зардап шегіп, ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды.

Пәтерден шыққан айқайды естіген көршілері полиция шақырып, жасөспірім ұсталған. Сотта ұсынылған мәліметтерге сәйкес, бұл оқиғаға дейін отбасы үлгілі әрі әл-ауқаты жақсы ретінде сипатталған. Жасөспірім жекеменшік мектепте оқып, жақсы үлгерім көрсеткен, ал көршілері оны әдепті бала ретінде білген. Оның соңынан ерген екі інісі бар.

Сот процесі жасөспірімнің қатысуынсыз өтті. Ол бұл уақытта психиатриялық ауруханада болған.

Сот-медициналық сарапшы-психологтың айтуынша, аурудың белгілері жақындарына байқалмай қалуы мүмкін. Дегенмен мектеп психологы мұндай өзгерістерді байқауы тиіс еді.

Іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған әжесі бұған дейін немересінен ешқандай оғаш мінез байқамағанын айтты:

«Немерем өте жақсы, маған ылғи көмектесіп, інілерімен ойнайтын. Мен ол үшін қатты уайымдаймын. Оның үстінен ешқашан шағым түскен емес. Сонымен қатар, сол түні не болғанын өзім де түсінбей қалдым», – деді ол сотта.

Жасөспірім кісі өлтіру және кісі өліміне оқталу баптары бойынша айыпты деп танылды. Дегенмен сырқатына байланысты ол қылмыстық жазаға тартылмайды. Сот шешімімен ол психиатриялық стационарға мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар