Шымкент әуежайының топ-менеджерлері қанша жалақы алады
«Шымкент әуежайы» акционерлік қоғамы былтыр екі топ-менеджеріне 6,2 млн теңге сыйақы төлеген. Бұл туралы Kursiv.Media қаржы есептілігі депозитариіндегі хабарламаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Құжатқа сәйкес бұл ақша 2025 жылы әуежай басшылығында екі адамға төленген. Олар басқарма төрағасының орынбасарлары: Ерлан Тұрысбеков пен Михаил Лавриненко.
Тұрысбеков басқарма құрамында 2024 жылдан бері қызмет етіп келе жатса, Лавриненко орынбасар болып 2025 жылдың қыркүйегінде тағайындалған.
Алайда бұл құжатта басқарма төрағасының алған сыйақы мөлшері жазылмаған.
Шымкент әуежайының ресми есебіне сәйкес, әуежай акцияларының 100%-ы Шымкент қаласының қаржы басқармасына тиесілі.
2024 жылдың қаңтарында SCAT компаниясымен келісім жасалып, әуежайдың мемлекеттік 100% акциясы 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілген.
SCAT компаниясы Шымкент әуежайы үшін әкімдікке 90 млн теңге дивиденд төлеген.
- Соңғы
-
- Қыркүйек, 05
-
-
-
- Қыркүйек, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
6 қыркүйек 2026