Салық органдары майнинг компанияларын тексеріп жатыр
Қазақстанда цифрлық майнингпен айналысатын компаниялардың салықтары тексеріліп жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың қаңтар–наурыз айларындағы есептерді қарап жатыр, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Салық органдары майнинг компанияларының декларациясындағы ақпаратты электронды есеп қағаздарының мәліметтерімен салыстырады. Тексеру жұмыстары компаниялардың майнингке қанша электр энергиясын жұмсағанын және соған сәйкес төленуі тиіс ақыны дұрыс көрсеткенін анықтау үшін жүргізелді.
Егер құжаттардағы мәліметтер сәйкес келмесе немесе компания майнинг үшін төленетін соманы аз көрсеткен болса, оған арнайы хабарлама жіберіледі.
Комитет майнинг компанияларына өз есептерін алдын ала тексеріп, қателер болса, уақытында түзетуді ұсынды.
Компаниялар майнингке жұмсалған электр энергиясының көлемін толық көрсетіп, төлемнің дұрыс мөлшерлемесін қолданғанын көрсетуге тиіс.
Айта кетейік, 2026 жылғы салық ережелеріне сәйкес цифрлық майнинг үшін төлем электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты есептеледі.
Ресми мәліметке сәйкес, 16 мыңнан аса компанияның мойнында 877 млрд теңге салық берешегі бар. Бұл соманың жартысынан астамы қарыздың өсімпұлы.
- Соңғы
-
- Қыркүйек, 05
-
-
-
- Қыркүйек, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
6 қыркүйек 2026