Аюлар қалаларға шабуылдай бастады: бір қалада коменданттық сағат енгізілді
Ресейдің Иркутск облысында да аю қаптай бастаған. Братскіде аюларға қарсы жоғары дайындық режимі енгізілді.
Коммерсантъ ақпаратына қарағанда, бұл туралы қала әкімі Александр Дубровин мәлімдеді. Соңғы тәулікте Братск пен оған жақын аумақта екі аю атылған.
Дубровин аюлардың орманнан шығып, қала шетіне және саяжай алқаптарына келе бастаған. Осыған орай жағдайды «оңай емес» деп бағалады.
Приангарьенің оңтүстігіндегі Слюдянка қаласында да аюларға байланысты сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Жергілікті билік ашық аспан астындағы мектеп жиындарын, оқушылардың туристік слеттерін және денсаулық күндерін өткізуді тоқтатты.
Иркутск облысының билігі аюлардың санын азайту үшін тәжірибелі аңшыларды тартты. Иркутск облысының жануарлар дүниесі нысандарын қорғау және пайдалану қызметінің мәліметінше, 160 аюды ату туралы шешім қабылданған. Қазірге дейін олардың 70-і атылды.
Соңғы кездері аюлар Қазақстанның шығысында да елді мекендерден бой көрсете бастады. Өскемен қаласы мен оның айналасындағы ауылдарға, саяжайларға кіріп, тұрғындарды қорқытып жүр. Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету жасағы қайта жіберілді.
Тіпті, аю бір адамға шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған еді. Мамандар жыртқыштардың бұл әрекетін ормандағы азық тапшылығымен байланыстырады.
- Соңғы
-
- Қыркүйек, 05
-
-
-
- Қыркүйек, 04
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
6 қыркүйек 2026