Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтар қоғамдық орындардан тамақтануға 2,1 трлн теңге жұмсаған

kz.kursiv.media

Қазақстандықтар қоғамдық орындардан тамақтануға 2,1 трлн теңге жұмсаған

Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының саны артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елде 19 588 тамақтану орны жұмыс істеген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға көп, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы елімізде 16 674 қоғамдық тамақтану орыны болған.Қоғамдық тамақтану орындарының ең көп саны Алматыда 3 522, Астанада 2 761 және Қарағанды облысында 1 275 тіркелген.Бір жыл ішінде кафелердің саны артқан.

Олардың саны 5 202-ден 5 987-ге дейін көбейіп, 15,1%-ға өскен. Асханалар саны да 5,7%-ға артып, 5 940-қа жетті.2025 жылдың соңында Қазақстанда 3 024 мейрамхана жұмыс істеген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 666 орынға көп.Мейрамханалар саны бойынша Астана, Алматы және Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.

Ал кафелердің ең көбі Алматыда 1 036, Астанада 809 және Қарағанды облысында 485-і орналасқан.2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тамақтану және сусындар саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 2,1 трлн теңгеге жетті.

Тағы да оқыңыз: Фастфуд баланы қалай қызықтырады, ал пайдалы тағам неге мықты маркетингке мұқтаж

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар