Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейде 60 жастағы әйел босанды

kz.kursiv.media

Ресейде 60 жастағы әйел босанды

Мәскеуде биология ғылымдарының кандидаты, РУДН қызметкері Марина К. 60 жасында үшінші баласын дүниеге әкелді.

Life ақпаратына қарағанда, пациенттен қатерсіз ісік анықталғанына қарамастан, дәрігерлер жүктілікті сақтап қала алды.

Әйелге үшінші рет ана болуға Мәскеудегі «Коммунарка» көпсалалы клиникалық орталығының мамандары көмектескен. Процедура алдында дәрігерлер қажетті тексерулер жүргізіп, ЭКҰ бағдарламасының бір кезеңі – эмбрионды жатыр қуысына көшіруге рұқсат берді.

Марина К. қартаю үдерістерін зерттеумен айналысады. Сондықтан ол 2010 жылы-ақ өзінің жұмыртқа жасушаларын мұздатып, сақтап қоюды шешкен. Арада 15 жыл өткен соң, ол Щербинкадағы әйелдер денсаулығы орталығына көмек сұрап барған.

Жүктіліктің 38-аптасында әйелге кесарь тілігі жасалды. Операция кезінде дәрігерлер қатерсіз ісікті де алып тастады. 2026 жылғы 30 шілдеде Марина К. ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл – әйелдің үшінші баласы.

Айта кететін жайт, алматылық әйел Наурызбай ауданы Шұғыла шағынауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің ауласында босануға мәжбүр болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар