Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев жаңа министрге Алматы мен Шымкентте зауыт салуды тапсырды

kz.kursiv.media

Тоқаев жаңа министрге Алматы мен Шымкентте зауыт салуды тапсырды

Бүгін Ақордада президент Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жаңа басшысы Әлібек Қуантыровты қабылдады. Бұл туралы Kursiv Media хабарлайды.Кездесуде президент Қуантыровқа Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салуды тапсырды. Сондай-ақ өзге өңірлерде де осындай зауыттар салуға да назар аударды.

Одан бөлек орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамыту деген міндеттер қойды. Кездесуде экологиялық мәдениетті арттыру мен «Таза Қазақстан» бастамасын іске асырудың маңызына да мән берді.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған. Бұл қызметке дейін ол сыртқы істер министрінің орынбасары болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар