Көріпкел-алаяқтар көбейіп жатыр
Соңғы кездері өзін «емші», «көріпкел» немесе «балгер» ретінде таныстырып, дуа қайтаруды ұсынатын алаяқтардың құрбандарының саны артқан.
Олар интернетте азаматтарға «балаңыз қатты дуаланған» деп қорқытып, оны «емдеу» үшін ақы сұрайды. Полиция тұрғындарды қырағы болуға және алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырады.
«Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланады. Әдетте олар азаматтармен әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланысып, түрлі «белгілерді» алға тартады және жағдайдың күрделі екеніне сендіреді. Кейін «ем жүргізу», «дуаны қайтару» немесе «қажетті заттарды сатып алу» сылтауымен ақша аударуды сұрайды», – делінген хабарламада.
Полиция интернеттегі бейтаныс адамдардың «емдеп жазу», «көз тиюден арылту» туралы уәделеріне сенбеуге шақырып отыр. Есепшоттарына ақша аудармауға, жеке деректеріңізді, банк карталарының деректемелерін және SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге хабарламауға шақырады.
Айта кететін жайт, Қарағандыда өзін емші әрі балгер ретінде таныстырған үш әйел 78 жастағы зейнеткерді алдап, 15 млн теңгесін алып кеткен еді.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 05
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 қыркүйек 2026