Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тұрсын Алагөзов Maxi Чай сатудан қанша пайда тапты

kz.kursiv.media

Тұрсын Алагөзов Maxi Чай сатудан қанша пайда тапты

Қазақстандағы ең ірі сусын өндірушілердің бірі – Galanz Bottlers компаниясы 2025 жылды 18,3 млрд теңге таза пайдамен аяқтаған. Бұл туралы команияның аудиторлық есебінде жазылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,8 пайызға артық. Кәсіпорынның жылдық түсімі 77,5 млрд теңгеге жетіп, едәуір өсті.

Компания табысының басым бөлігін «Maxi Чай» сусынын сатудан тапты. Бұдан бөлек «Garden» шырындары мен «Первоквас» сусындары да қомақты кіріс келтірді. Өнімдердің барлығы дерлік ел ішінде өтімді болған.

Былтыр серіктестік өз қаражатын басқа салаларға да инвестициялап, азық-түлік шығаратын JFood Kazakhstan компаниясының үлесін сатып алды.

Кәсіпорын акцияларының 93 пайызы белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тиесілі. Ал қалған 7 пайыз үлесі Ихтияр Заурбековтің иелігінде. Алагузов Forbes журналының бағалауы бойынша Қазақстандағы ең дәулетті бизнесмендер тізімінде 58-орында тұр.

Бұған дейін Алагөзов Өзбекстан, Ауғанстан және басқа елдердің нарығына шығуды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар