Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Киев пен Вашингтон соғысты тоқтатудың жаңа жолдарын талқылады

kz.kursiv.media

Киев пен Вашингтон соғысты тоқтатудың жаңа жолдарын талқылады

Украина президенті Владимир Зеленский Киевте АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Джаред Кушнер және Стивен Уиткоффпен кездесті. Тараптар соғысты тоқтатуға қатысты жаңа ұсыныстарды талқылады деп хабарлайды Kursiv Media BBC-ге сілтеме жасап.

Кездесуден кейін Зеленский бірнеше «жаңа идея» талқыланғанын айтты. Алайда олардың нақты мазмұны әзірге жарияланған жоқ.

«Бірнеше жаңа идея болды, біз оларды талқыладық. Қандай қадамдар жасауға болатынын және бұл бізді бейбітшілікке жақындата ма, жоқ па, алдымен терең талдап алуымыз керек», – деді Зеленский.

Уиткоффтың айтуынша, Украина, АҚШ және Ресей делегацияларының қатысуымен үшжақты келіссөздерді қайта өткізу мәселесі талқыланып жатыр.

Айта кетейік, АҚШ өкілдері бұған дейін Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізген еді. Уиткофф Мәскеудегі кездесулер барысында «айтарлықтай ілгерілеу» болғанын атап өтті.

«Біз Мәскеуде көптеген жаңа идеяларды талқыладық және олардың бірқатарын Киевке алып келдік. Үшжақты кездесу жақын арада жарияланады деп үміттенеміз», – деді ол.

Оның пікірінше, бейбіт келісімге қол жеткізу үшін Ресей мен Украина өзара ымыраға келуі керек. Сондай-ақ Джаред Кушнер Дональд Трамптың тапсырмасымен соғысты тоқтатуға бағытталған «бейбітшілік пакеті» әзірленіп жатқанын да айта кетті.

ВВС сарапшыларының жазуынша, тараптарға соғыс қимылдарын тоқтатудағы басты кедергі – Донбассқа бақылау жасау мәселесі болып отыр. Ресей Украина әскерінің Донецк және Луганск облыстарының бүкіл аумағынан шығарылуын талап етеді. Қазір Мәскеу Луганск облысының басым бөлігін бақылауында ұстап отыр. Алайда Киев бұл талаппен келіспейді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар