Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Онкология орталығында роботтандырылған дәріхана кешені енгізілді

kz.otyrar.kz

Онкология орталығында роботтандырылған дәріхана кешені енгізілді

Алматы онкология орталығында роботтандырылған дәріхана кешені және дәрілік препараттарды жабық герметикалық жағдайда сұйылту жүйесі енгізілді. Жаңа технология дәрілік заттармен қамтамасыз етудің негізгі кезеңдерін – препараттарды қабылдау мен сақтаудан бастап, оларды сұйылту және пациенттерге беруге дейінгі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Кодтардың көмегімен әрбір дәрілік препаратқа жеке цифрлық сәйкестендіру беріледі, ал онымен жасалған әрбір әрекет жүйеде тіркеледі.

Осылайша мамандар препараттың дәріхана кешеніне келіп түскен сәтінен бастап пациентке берілгенге дейінгі бүкіл қозғалысын қадағалай алады. Онкологиялық қызмет үшін бұл аса маңызды. Өйткені дәрілік заттармен қамтамасыз етудің дәлдігі мен қауіпсіздігі емдеу сапасымен тікелей байланысты. Бұл ретте цифрландыру Алматы қаласында онкологиялық көмектің тиімділігі айтарлықтай артып отырған кезеңде жүзеге асырылуда. Бүгінде Алматы онкология орталығында қала бойынша диспансерлік есепте 38 мыңнан астам пациент тұр, ал жыл сайын 27 мыңнан астам адам медициналық көмек алады.

Соңғы сегіз жылдың ішінде көрсетілген емдеу қызметтерінің көлемі 2,5 есеге өсті. Сонымен қатар бес жылдық өмір сүру көрсеткіші де 46%-дан 75%-ға дейін артты. Жүйе дәрілік препараттардың дозасын дәл сақтауға, қателер қаупін азайтуға және дәрі-дәрмектерді дайындау процесін толық бақылауға мүмкіндік береді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар