Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-ке ұқсас аурудың таралуына түсіндірме берді

kz.kursiv.media

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-ке ұқсас аурудың таралуына түсіндірме берді

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде белгілері COVID-ке ұқсас ауруға шалдыққандары туралы жаза бастады.

Олардың арасында тамақтың ауыруы, жөтел, дәм сезу және иіс сезу қабілетінің жоғалуы бар. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Дәрігерлер ауруды өз бетінше анықтамауға шақырады. Қазір Қазақстанда бірден бірнеше респираторлық вирус айналымда жүр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халық арасында вирустық инфекциялар санының өсуі байқалмайды. Мамандар қазіргі жағдайды маусымдық деңгейде деп бағалап отыр.

«Қазіргі уақытта халық арасында вирустық инфекциялардың өсуі байқалмайды. Біз фондық немесе маусымдық аурушаңдықты тіркеп отырмыз. Зертханаларымыз анықтаған вирустардың арасында әдеттен тыс немесе белгісіз вирустар жоқ», — деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева.

Мамандардың мәліметінше, халық арасында риновирус, аденовирус, парагрипп және маусымдық коронавирустар таралуда. Сонымен қатар COVID жұқтырғандар да әлі анықталып жатыр. Әзірге мамандар жаңа әрі қауіпті штамның пайда болғанын тіркеген жоқ. Зертханалық зерттеулер барысында да әдеттен тыс вирустар анықталмаған.

Айта кететін жайт, таяуда ауруханаға түсіп қалған адамның жақындарына хабар беретін сервис ашылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар