7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 2026 жылғы 7 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.
Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынсыз. Батыс және оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі.
Ел аумағында жел күшейеді. Ал оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғуы ықтимал. Батыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі.
Кейбір аймақтарда өрт шығу қаупі жоғарылайды. Атап айтқанда, Қостанай облысының солтүстік-батысында, Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде.
Өрт шығу қаупі төтенше жоғары деңгей Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының батысы, шығысы мен орталығында, сондай-ақ Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында күтіледі.
Кеше Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 05
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 қыркүйек 2026