Әзіл түрмеге апарады: неге полиция мен ұшақта әзілдеуге болмайды
Бүгін Алматы–Ақтау бағытындағы рейстің жолаушылары ұшаққа 2 сағат кешігіп отырған. Бұған ардагер атаның әзілі себеп болған.
Блогер Әйгерім Сүлейменованың айтуынша, зейнеткер стюардессаның сөмкесін жоғарғы сөреге көтере алмай жатқанын көріп, оған көмектеспек болған.
Сол сәтте ол: «Мына сөмкенің ауырын-ай, ішінде қорғасын ба, бомба ма?» — деп әзілдеген.
Осыдан кейін Көліктегі полиция департаменті тексеру жүргізілген. Алайда, ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
Атаны рейстен түсіріп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Ал Антальядан келген ұшақта жанжал шығарған елордалық қамауға алынған болатын.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 06
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 05
-
-
Күнделікті жаңалықтар
7 қыркүйек 2026