Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

10 жылға сотталуы мүмкін: 1,5 млн доллар жымқырған күдікті Қазақстанға жеткізілді

kz.kursiv.media

10 жылға сотталуы мүмкін: 1,5 млн доллар жымқырған күдікті Қазақстанға жеткізілді

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген күдікті Грузиядв ұсталып, Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2023 жылы Алматыда коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатамын деген желеумен азаматтан 1,5 миллион доллар алып, бой тасалаған.

Осыдан кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, былтыр желтоқсанда Грузияда ұсталған еді.

Қазақстан тарабының сұрауы бойынша ол отанына қайтарылып, тергеу изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты аса ірі мөлшердегі алаяқтық бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін 2,5 млрд теңге жымқырып, халықаралық іздеуде жүрген күдікті Кореядан жеткізілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар