Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордада 16 жастағы бойжеткенді өлтірген ер адам 20 жылға сотталды

kz.kursiv.media

Қызылордада 16 жастағы бойжеткенді өлтірген ер адам 20 жылға сотталды

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған бойжеткенді өлтіріп, денесін каналға тастап кеткен ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Оқиға маусым айында Шиелі ауданында болған. Кәмелетке толмаған Балсұлу Өмірзақ 2 маусым күні кешке үйінен шығып кетеді, кейін қайта оралмаған. Келесі күні бойжеткеннің денесі Жақаев каналынан табылды. Полиция қылмыс жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Тергеу барысында оның кінәсі толық дәлелденді. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрады.

Сот қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағы – кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі адамды өлтіру бойынша қарады.

«Сотталушының кінәсі өз жауабымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің түсініктемелерімен, сараптама қорытындыларымен, бейнежазбамен, қылмыстық іс материалдарымен және заттай дәлелдемелермен расталды. Прокурор сотталушыға 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, сотталған азаматтан моральдық зиянды өтеу ретінде 10 миллион теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар