Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қайрат Нұртастың анасы мен Әсел Асқар заңсыз лоторея ойнатқаны үшін айыппұл арқалады

kz.kursiv.media

Қайрат Нұртастың анасы мен Әсел Асқар заңсыз лоторея ойнатқаны үшін айыппұл арқалады

Қазақстандық бірқатар блогер заңсыз лоторея ойнатамыз деп, айыппұл арқалады. Олардың қатарында Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова, актриса әрі блогер Әсел Асқар, блогерлер: Аружан Әбілова, Айым Алтынбекова (@Aeka.Posh), Елдос Қадірханов (@eldos_kalabok) бар, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың 8 айы бойынша лоторея заңнамасын бұзған 69 аккаунт анықталды. Олар Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 445 бабы 1-тармағы «Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу» бойынша жауапкершілікке тартылды.

Ең көп айыппұл «aitoli_aktau» аккаутына – 525 АЕК немесе 2 064 300 теңге салынды. Ең аз айыппұл мөлшері 50 АЕК немесе 196 600 теңгені құрады.

Тізімдегі блогерлер мен танымал тұлғаларға салынған айыппұлдар көлемі келесідей. Гүльзира Айдарбекова 196 600 теңге айыппұл төлейтін болды. Әнші әрі актриса Әсел Асқарға 648 750 теңге айыппұл салынды. Жақында ғана орамалын шешкен блогер Аружан Әбілова да 648 750 теңге мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Тізімде тағы Елдос Қадірханов пен «aekaposh» лақап атымен танымал Айым Алтынбекова бар. Олар да 648 750 теңге мөлшерінде айыппұл арұқалады.

Сонымен бірге @aidana_kelin, @elshinzhanerke, @nazzizaru, @saltanat,a,e,official, @nurekengooy_8 деген танымал аккаунттарда лоторея заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Толық тізімін Туризм және спорт министрлігінің сайтынан көруге болады.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Қазақстанда лоторея ойнату үшін арнайы лицензия керек екенін айтқан еді. Ал оңды-солды заңсыз лоторея ойнатып жатқан блогерлердің әрекеті келтірген шығынына қарай тексерілетін болады.

Еске сала кетейік, 27 сәуірде заңсыз лоторея ұйымдастырды деген айыппен ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова сотталған.

2025 жылдың 18-21 тамызы аралығында Instagram-да @Zhanabylov_e және @elt6i аккаунты арқылы танымал блогерлер 10 автокөлік ойнататынын жариялады.

Алайда тікелей эфирдің орнына қолданушыларға Zhana Business атты ақылы оқу курсының сілтемесі ұсынылған. Курс құны – 30 мың теңге. Ұтысқа қатысу үшін осы курсты сатып алу қажет болған. Бұл жағдай әлеуметтік желіде сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға шағым түсті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар