Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Toyota Crown жаңарды: Кроссовер мен спорттық модель және седан қалай өзгерді

kz.kursiv.media

Toyota Crown жаңарды: Кроссовер мен спорттық модель және седан қалай өзгерді

Toyota аты аңызға айнасқан Crown модельдер қатарын ішінара жаңартты. Кроссовердің жаңартылған нұсқасы көпшілікке таныстырылды.

Ал, Toyota ақпаратынша,21 қыркүйекте спорттық модель мен седан сатылымға шығады. Ал әмбебап универсал нұсқасы осы жылдың соңында жарық көреді деп жоспарланып отыр.

Жаңарту барысында автомобильдердің сыртқы келбеті заман талаптарына сай өзгеріп қана қоймай, техникалық мүмкіндіктері мен отын үнемдеу көрсеткіштері де айтарлықтай жақсарған.

Кроссовердің сыртқы келбетінде көлікті өзгелерден ерекшелеп тұратын бірқатар өзгеріс бар.

Дизайн ерекшелігіне келсек, артқы бөлігі өзгертіліп, көлікке салмақты, орнықты әрі кең көрініс берілді.

Капоттан бастап бел сызығына дейінгі аралық толығымен қара түске боялып, бампер мен есік қаптамаларына жылтыр қара түс берілді. Бұл Crown-ға қою «Neutral Black» стиліндегі ерекше түс сыйлайды.

CROSSOVER Z және CROSSOVER G нұсқалары бесінші буындағы гибрид жүйесіне көшті. Нәтижесінде жүйенің максималды қуаты 234-тен 239 ат күшіне дейін артып, отын шығыны 23,1 км/л-ге дейін жақсарды.

Музыкалық аспаптар мен дыбыс режиссерлерінің тәжірибесіне сүйеніп жасалған 10 динамигі мен 8 арналы күшейткіші бар Toyota Premium Sound аудио жүйесі салондағы әр жолаушыға ерекше әсер сыйламақ.

Спорттық көлікті ұстанатындар Crown Sport жоғары бағалайды деп күтіліп отыр.

Электромобильге тән жүрісті ұсынатын, 2,5 литрлік қосылатын гибридті қозғалтқышы бар SPORT Z нұсқасы пайда болды. Оның қуаты бірден 306 ат күшіне жетеді.

SPORT Z және SPORT G нұсқалары да бесінші буындағы гибрид жүйесіне ауысып, қуаты 239 ат күшіне көтерілді. Ал отын үнемдеу көрсеткіші – 22,4 км/л.

Спорттық жабдықтарыне келсек, жүргізушіге барынша ыңғайлы болу үшін рөл астындағы беріліс ауыстырғыштары, бедерлі беріліс тұтқасы мен былғарыдан жасалған бедерлі рөл стандарты түрде енгізілді.

Компанияның мәліметінше, жаңартылган Toyota Crown модельдері күнделікті қала ішіндегі қауіпсіз жүрісті де, спорттық динамиканы да қатар бағалайтын жүргізушілерге арналып отыр.

Мұның алдында Lexus жаңа NX кроссоверін таныстырған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар