Қытай әскери мақсатта жұмыс істейтін роботтар әзірлеп жатыр
Қытай гуманоид роботтарды әзірлеу мен өндіруде әлемдік көшбасшыға айналып, енді оларды әскери мақсатта қолдану мүмкіндігін зерттеп жатыр деп хабарлайды Kursiv Media. Reuters зерттеуінше, Қытайдың әскери құрылымдары роботтарды сатып алып, оларды сарбаздармен бірге қолдану мүмкіндігін сынап жатыр.
Әзірге мұндай роботтар Қытай армиясының әскери бөлімдеріне жеткізілмеген. Алайда Ұлттық қорғаныс технологиялары университеті (NUDT) қалалық ұрыста гуманоид, төрт аяқты және басқа да роботтарды қолдану тұжырымдамасын әзірлеген. Зерттеу бойынша, әр екі шабуыл тобына алты роботтан бөлінуі мүмкін. Олар сарбаздармен бірге ғимараттарды бөлме-бөлмесімен тексеруге қатысады.
Зерттеу авторлары мұндай бөлімшелер алдағы 5–10 жылда пайда болуы мүмкін деп есептейді.
Мамандардың пікірінше, роботтарды қолданудың негізгі артықшылығы – адам өміріне қауіп төнетін жерлерге оларды жіберу мүмкіндігі. Осыған ұқсас тәсіл Украина армиясында да қолданылып жатыр. Алайда Украинада әзірге гуманоид роботтар емес, жерүсті роботтандырылған кешендер пайдаланылады.
Оқи отырыңыз: Қытай зауыттарында 2 миллионнан астам робот жұмыс істейді
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026