Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Непалда алапат су тасқынынан кейін жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

kz.kursiv.media

Непалда алапат су тасқынынан кейін жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

Непалда апатты су тасқынынан кейін дүйсенбі күні елде аза күні жарияланды. Мемлекеттік мекемелерде тулар төмен түсірілді, қаза тапқандардың отбасылары дәстүрлі рәсімдер өткізуде, деп хабарлайды Euronews.

Ресми мәліметтер бойынша, су тасқыны Непал мен Тибетте 1300-ден астам адамның өмірін қиды. Оның ішінде шетелдіктер бар, шамамен 5000 адам хабар-ошарсыз кетті деп саналады.

Непалда дәстүр бойынша аза 13 күнге созылады: жақын туыстар үйде қалады, ал өзгелері көңіл айтуға келеді. Соңғы күні арнайы рәсімдер жасалып, дұға оқылады. Кейбір отбасылар жоғалған туыстарының денесі табылмағанына қарамастан символикалық жерлеу рәсімдерін өткізді.

Бүгінде хабар-ошарсыз кеткендер қатарында жүрген жүздеген адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Құтқарушылардың негізгі күші 12 гидроэлектр станциясына жұмылдырылған. Мұнда шамамен 900 жұмысшы жоғалып кеткен, тағы 500-ге жуық адам туннельдерде қалып қойған болуы мүмкін.

Соңғы күндері үш жұмысшы құтқарылып, бұл басқа адамдардың да тірі табылуына үміт сыйлады. Іздеу жұмыстарына Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея және АҚШ мамандары қатысуда.

Айта кетейік, табиғи апат 26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында болды. Қытайлық мамандардың қорытындысы бойынша, Непалдағы биік таулы мұздықтың бір бөлігі ойылып түскен. Түскен масса өзімен бірге тастар мен топырақты сүйреп, жойқын ағын түзеген. Ол 6-7 минутта шекаралық өткелге жетіп, кенеттен су тасқынын тудырған.

Айта кетейік осыған дейін Непалда табиғи апаттан кейін үш қазақстандық турист іздестіріліп жатқанын хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Непалдағы жойқын су тасқыны: елге 2,6 миллиардқа жуық залал келген

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар