Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Миллионер Сәрсеновке тиесілі банк топ-менеджерлері 210 млн теңге сыйақы алған

kz.kursiv.media

Миллионер Сәрсеновке тиесілі банк топ-менеджерлері 210 млн теңге сыйақы алған

Forbes тізіміндегі миллионер Сәрсеновтердің әулетіне тиесілі Nur Bank былтыр топ менеджерлеріне 210 млн теңге төлеген. Бұл туралы Kursiv.Media қаржы есептілігі депозитарийіндегі хабарламаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2025 жылы банктің басқарма құрамында үш адам болған. Олар: Гүлнар Мұсатаева, Алексей Магужа және Нұрбек Толымбеков. Толымбеков басқарма құрамына 2025 жылдың қыркүйек айында енген. Гүлнар Мұсабаева 2026 жылдың маусыз айында банктің басқарма төрағасы қызметінен кеткен.

Банктің топ-менеджерлеріне төлеген қаржысы 2024 жылы да 210 млн теңгені құраған. Ол кезде басқарма құрамында жоғарыда аты аталғандардан бөлек, Элиза Козыкеева да болған.

«Нұрбанк» акционерлік қоғамының 77,8 пайыз акциясын «JP Finance Group» ЖШС иеленді. 2025 жылдың екінші тоқсанында «Нұрбанктің» 9,82% акциясын иелігінен шығарған.

Түпкі иесі – Эльдар Сәрсенов. Ол – белгілі кәсіпкер Рашит Сәрсеновтің ұлы. Forbes Kazakhstan тізіміне сәйкес, Сәрсеновтер отбасы елдегі ең бай 75 кәсіпкердің ішінде 10-орында тұр. Олардың байлығы 972 млн долларға бағаланады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар