Алматыда жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуылдағандар ұсталды
Алматыда жедел жәрдем шақырған екі ер адам медицина қызметкерлерін пышақпен қорқытқан. Оқиға туралы полицияға жедел жәрдем бригадасы хабарлаған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл жеткен. Пышақпен шабуыл жасаған екі ер адам да ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар есірткіге мас күйде болған. Күдіктілер медицина қызметкерлері келгенге дейін синтетикалық есірткі қолданғанын мойындады.
Абырой болғанда, жедел жәрдем қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Соның ішінде пышақтың қайдан келгені, оны не үшін сақтап, алып жүргені тексеріледі. Әр адамның әрекетіне құқықтық баға берілмек.
Тамызда Алматыда полицейлер көшеде пышақпен жүрген ер адамды ұстаған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026