Елде құрылысқа 102 мың, ауыл шаруашылығына 73 мың маман тапшы
Қазақстанда еңбек нарығына қажет мамандар мен колледждерде даярланып жатқан кадрлар арасында айтарлықтай алшақтық бар. Әсіресе құрылыс пен ауыл шаруашылығы салаларында тапшылық байқалады. Бұл туралы үкімет жиынында Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді деп хабарлайды Kursiv.Media.
Еңбек нарығының орта мерзімді болжамы бойынша 2023 жылға қарай экономикаға 1,8 млн-нан астам жұмысшы маман қажет болады. Оның ішінде өнеркәсіп саласына – 183 мың, құрылысқа – 102 мың, ауыл шаруашылығына – 73 мың, ал IT саласына 12 мың маман қажет.
Алайда колледждердегі кадр даярлау көлемі еңбек нарығының сұранысын толық өтей алмай отыр.
Құрылыс саласына 102 мың маман қажет. Ал осы бағыт бойынша колледждерде небәрі 22,4 мың студент білім алып жатыр.
Осылайша, саладағы мамандарға сұраныс қазіргі білім алып жатқан студенттер санынан 4,5 есе жоғары.
Ауыл шаруашылығындағы жағдай бұдан да күрделі. Салаға 73 мың маман қажет болғанымен, тиісті бағыттарда 12,7 мың адам ғана білім алып жатыр.
Яғни ауыл шаруашылығына қажетті маман саны қазіргі студенттер санынан 5,7 есе көп.
Тағы да оқыңыз: Қазақстан автокөлік саласына 10 мыңнан астам маман керек
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026