Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мұғалімдерге кешкі 18:00-ден кейін жазуға бола ма – министр жауап берді

kz.kursiv.media

Мұғалімдерге кешкі 18:00-ден кейін жазуға бола ма – министр жауап берді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерді сабақтан кейін ата-аналардың WhatsApp чаттарында қажетсіз мазалауына қатысты ұсынысын түсіндірді.

Министрдің айтуынша, мұғалімдер сабақтан кейін де келесі күнге дайындалып, өзге де жұмыс атқарады. Сондықтан ата-аналар шұғыл жағдай болмаса, педагогтерді кешкі уақытта қажетсіз сұрақтармен мазаламағаны жөн.

«Менің үндеуім – ұстаздарымыздың жеке өмірі бар екенін, олардың күнделікті уақыты бар екенін ескеруге шақыру. Одан бөлек, ұстаздар келесі күнге дайындалып келуі қажет», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр ата-аналарға мұғалімдерге 18:00-ден кейін хабарласпау ұсынысы айтылғанын атап өтті. Дегенмен бұл уақыт барлық мектепке бірдей қолданылатын қатаң шектеу ретінде қарастырылмайды.

Себебі кей мектептерде екінші ауысым кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы байланыс уақыты мектептің жұмыс тәртібіне қарай нақтылануы мүмкін.

Жұлдыз Сүлейменова мұғалімді кешкі уақытта мазалаған ата-аналарға айыппұл салу мәселесі қарастырылмағанын айтты.

«Ондай ата-аналарға айыппұл қарастырылмаған. Ондай ойымызда жоқ. Бұл жерде қоғамдық әдеттің, этиканың жаңа нормасын қалыптастыру туралы ұсынысым болды», – деді министр.

Оның айтуынша, шұғыл жағдай туындаса, мұғалім ата-анамен міндетті түрде байланысып, мәселенің шешілуіне көмектеседі. Ал күнделікті сипаттағы сұрақтарды педагогтің жұмыс уақытында қойған дұрыс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар