АҚШ көкбөрі құрамасының капитаны көшпенділер ойындарының үздік сұрмергені атанды
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөрі турнирі аяқталды. Жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленген АҚШ құрамасының капитаны Лэдд Хауэлл турнирдің ең үздік сұрмергені атанды.
Көкбөрі бәсекесіне жалпы 7 команда қатысып, екі топқа бөлініп бақ сынасты. Америкалық ковбойлар «А» тобына түсіп, Қырғызстан (7:16), Ресей (6:17) және Өзбекстан (6:16) құрамаларына қарсы үш кездесу өткізді. Топта 4-орынға тұрақтанған АҚШ құрамасы жүлделі орындарға таласу мүмкіндігінен айырылғанымен, жекелеген ойыншылары шеберліктерімен көзге түсті.
Үш ойынның қорытындысы бойынша америкалық шабандоздар қарсыластар тайқазанына 19 салым салды. Соның 15-ін команда капитаны Лэдд Хауэлл еншісіне жазып, турнирдің сұрмергендер көшін бастады. Сұрмергендер тізімінде екінші және үшінші орындарды қырғызстандық спортшылар Қияз Ниязов (9 салым) бен Нұржан Мелисбек уулу (8 салым) иеленді.
Айта кетерлігі, Лэдд Хауэлл Қырғызстан құрамасына қарсы өткен кездесуде 6 салым салып, бұрын-соңды болмаған тарихи нәтиже көрсетті. Бұған дейін көкбөрі тарихында бірде-бір шабандоз Қырғызстан құрамасымен өткен ойында бір өзі 6 ұпай еншілеп көрмеген еді.
A post shared by УЛУТТУК ОЮН КӨК БӨРҮ (@kokboru_ulak)
Қазақстан құрамасы болса, көк бөрі мен көкпардан Қырғызстанға есе жіберді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026