Оқушыларға хиджаб киюге рұқсат берген мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін
Оқушыларға діни киім киюге рұқсат беретін жекеменшік мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп жазады Kursiv.Media.
Министрдің айтуынша, елімізде бірыңғай мектеп формасының стандарттары бар. Сонымен қатар білім берудің зайырлы сипатын қатаң сақтау қажет.
Ведомство басшысы өткен жылы жеке мектептерде мұндай жағдайлар кездескенімен, биылғы оқу жылында ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін, бірде-бір мектептің хиджаб киюге жол бермей отырғанын атап өтті.
«Біз бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз, бізбен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті де бар. Сонымен бірге әкімдіктермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп отыратын үлкен комиссия бар», – деп жауап берді министр.
Сонымен қатар Сүлейменова егер жекеменшік мектеп хиджаб киюге рұқсат беретін болса, лицензиясынан айырылатынын қатаң ескертті.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026