Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Денсаулық бұрышы»: Шымкентте дәрігерлер тұрғындарды сауда орталығында қабылдады

kz.otyrar.kz

«Денсаулық бұрышы»: Шымкентте дәрігерлер тұрғындарды сауда орталығында қабылдады

Шымкентте тұрғындардың денсаулығын қорғауға және ауруларды ерте анықтауға бағытталған «Денсаулық бұрышы» акциясы өтті. Ісшара барысында «Шымфарм» емханасының дәрігерлері тұрғындарға тегін кеңес беріп, қан қысымы мен қандағы қант деңгейін өлшеді. Бейінді мамандар азаматтардың денсаулық жағдайына қатысты сұрақтарына жауап беріп, қажетті медициналық ақпарат ұсынды.

«Денсаулық бұрышы» акциясы ӘМСҚ Шымкент филиалының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған. Мамандар азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіріп, медициналық көмек алу тәртібіне қатысты сауалдарына жауап берді.

Кеңес беру алаңы «Төлеби» сауда орталығында ұйымдастырылды. Жалпы игі шара қалада ай сайын өткізілуде. Басты мақсат – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың денсаулығына жауапкершілігін күшейту және ауруларды ерте кезеңде анықтауға ықпал ету.

Дәрігерлердің айтуынша, қан қысымы мен қандағы қант деңгейін тұрақты бақылау денсаулықтағы өзгерістерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Ауруды ерте анықтау өз кезегінде емді уақытында бастауға және асқынудың алдын алуға жағдай жасайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар