Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

kz.kursiv.media

Тоқаев Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силваны Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Президент Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды түрде дами түсетініне сенім білдірді», – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Луис Инасиу Лула да Силваның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.

Бразилияның Португалия отарынан азаттық алу тарихы 1808 жылдан бастау алады. Сол жылы Наполеон әскерінің шабуылынан қашқан Португалия королі Жуан VI король отбасымен бірге Рио-де-Жанейроға қоныс аударып, Бразилияны империяның орталығына айналдырды.

1821 жылы король Лиссабонға қайтқанымен, жергілікті халықты басқаруды ұлы Педруға тапсырып кетті.

Алайда Португалия парламенті Бразилияның автономиясын жойып, оны қайтадан бағынышты отар деңгейіне түсіруге тырысты. Бұл шешімге қарсы шыққан ханзада Педру 1822 жылы 7 қыркүйекте Ипиранга өзенінің жағасында Португалиядан толық бөлінетінін мәлімдеді.

Бұл оқиғадан кейін, 1822 жылы 12 қазанда Педру I Бразилияның алғашқы императоры болып жарияланды. Ал отарлаушы Португалия мемлекеті елдің егемендігін ресми түрде 1825 жылы таныды. 7 қыркүйек ел тарихындағы ең басты мемлекеттік мереке – Бразилияның Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар