Нұртас Адамбай түсірген "Келинка Сабинка" фильмін кім өшірді
Режиссер, актер Нұртас Адамбай Zamandas подкастында қонақ болды. Қанат Бейсекеевпен болған екі сағаттық сұхбатта бұрын түсірген фильмдерінің тағдыры жайлы да әңгімеледі деп хабарлайды Kursiv.Media.
Нұртас Адамбай көпшілікке «Келинка Сабинка» бейнесімен жақсы танылған еді. Кейінірек «Әкім», «Тараз» фильмдері көпшіліктің ықыласына бөленді. Қазір Адамбай отбасымен АҚШ-та өмір сүреді, ЖИ арқылы тапсырысқа фильм түсіреді. Айтуынша, «Келинка Сабинка» түпнұсқасын интернеттен өшіріп тастаған. Оған діни көзқарастары себеп болған.
«Бірде өзім шексіз сенетін адамнан ер адамның әйел киімін киюі туралы сұрадым. Исламда оған рұқсат бар ма дедім, жоқ оған тыйым салынған дейді. Ішімде өте бір жайсыз сезімдер болған еді, жаңағы кісінің жауабынан кейін фильмдерімнің барлығын өшіріп тастадым», – дейді Нұртас Адамбай.
Режиссердің түсіндіруінше, «Келинка Сабинка» фильмін көрген адамда қоршаған орта, ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы теріс көзқарас қалыптасуы мүмкін. Ондай жағдайға себепкер болғысы келмегендіктен картиналарын өшірген.
«Оңай болмады маған. Тура сол сәтте пышақпен бір жерімді кесіп тастағандай болды», – дейді ол.
Оқи отырыңыз: Продюсер Нұртас Адамбай өзі жайлы кітап жазбақ
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026