Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Заңгер сталкинг үшін жазаны одан әрі күшейтуге петиция жариялады

kz.kursiv.media

Заңгер сталкинг үшін жазаны одан әрі күшейтуге петиция жариялады

Елде сталкинг үшін жазаны күшейтуді талап ететін петиция жарияланды. Құқық қорғаушы Аянхан Омаров Әділет министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Парламентке Қылмыстық кодекстің 115-1-бабын («Сталкинг») қайта қарауды ұсынып отыр деп хабарлайды Kursiv Media.

Заң бойынша, қазір аңду және адамды мазалап, қайталап қудалау үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамау қарастырылған. Дегенмен петиция авторы бұл жаза сталкингтің ауыр салдарын толық ескермейді деп санайды. Оның айтуынша, сталкинг көбінде адамға қарсы жасалатын ауыр қылмыстардың алғашқы кезеңі болуы мүмкін.

Аянхан Омаров сталкинг үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынып отыр. Бұл кәмелетке толмағандарды қудалау, әрекетті қайталау, сот тыйымын немесе қорғау нұсқамасын бұзу, бұрынғы жұбайын немесе бірге тұрған адамды аңду, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қудалау, сондай-ақ полиция, күштік құрылым қызметкерлері мен шенеуніктердің қызметтік жағдайын пайдалану жағдайларына қатысты болуы керек.

Егер сталкингті адамдар тобы жасаса немесе екі және одан да көп адамға қатысты болса, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қажет дейді.

Ал қудалау зорлау, адам ұрлау, некеге мәжбүрлеу, суицидке жеткізу, ауыр жарақат салу немесе жәбірленушінің өліміне әкелсе, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу ұсынылады.

Еске салайық, сталкингке қатысты бап Қылмыстық кодекске 2025 жылы енгізілген. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері сталкинг бойынша 11 мыңнан астам адам қамауға алынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар