Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Жапония 940 млн доллар болатын 17 жобаны жүзеге асырып жатыр

kz.kursiv.media

Қазақстан мен Жапония 940 млн доллар болатын 17 жобаны жүзеге асырып жатыр

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Кенжи Ямадамен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен өндірістік жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Тараптар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Жапонияға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударды.

Сапар аясында жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын 60 коммерциялық келісімге қол қойылған. Олардың бір бөлігі жапон технологиялары мен заманауи шешімдерді Қазақстан өндірісіне енгізуге бағытталған.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан мен Жапония арасындағы өнеркәсіптік кооперация аясында жалпы құны шамамен 940 млн доллар болатын 17 бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 10 жоба пайдалануға берілген.

Кездесуде сондай-ақ биыл желтоқсанда Астанада өтетін Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-отырысына дайындық мәселесі сөз болды.

Тағы да оқыңыз: Қазақстан студенттері Жапонияда тегін білім ала алады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар