Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мектепке боянып келуге бола ма, министр Сүлейменова пікірін айтты

kz.kursiv.media

Мектепке боянып келуге бола ма, министр Сүлейменова пікірін айтты

Оқушылардың мектепке боянып келуіне рұқсат бар ма? Бүгін үкімет отырысында журналистер оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға осындай сұрақ қойды.

Министрдің сөзінше, мектеп бекіткен қағида бар және оқушылар сол қағидаға бағынуы керек.

«Негізі барлық мектеп оқушыларының мектеп формасымен келуі заңның талабы. Әрбір мектептің ішкі тәртіп ережесі бар. Әр мектеп сол ішкі тәртіп ережесіне сәйкес балалардың сыртқы келбетін регламенттеуді биыл бастаған екен. Біз шын айтсақ балалардың сырт келбеті оқу процесіне кедергі келтірмеуі қажет деп санаймыз. Балаларды кемсітуге, дискриминацияға жол берілмеуі керек. Барлығында ортақ мектеп формасы, ұқып пен әдептілікті көрсететін сыртқы бейне болуы қажет деп санаймыз», – деді Сүлейменова.

Жаңа оқу жылының қарсаңында қыз баланың мектепке боянып баруы қоғамда қызу талқыланған тақырыптың бірі болған еді. Сол кезде Сүлейменова орынбасары Шынар Ақпарова министрлік бұйрығында бояну туралы нақты талап жоқ екенін, ол шешімді әр мектеп өзі қабылдайтынын айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар