Батыста нөсер мен бұршақ, оңтүстікте өрт қаупі: 8 қыркүйек ауа райы қандай болады
Астана, Алматы және Шымкентте әлі жаздың жылуы сезіліп күн жаймашуақ болғанымен, елдің басым бөлігінде ауа райы құбылады. Жел күшейіп, жаңбыр жауады.«Қазгидромет» синоптиктері 8 қыркүйектегі ауа райына қатысты осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Батыс өңірлерде ауа райы нашарлайды. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Көшпелі бұлт арты бұршақ пен дауылға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар бұл аймақтарда екпіні 15-28 м/с-қа жететін қатты жел соғады.
Батыс Қазақстанның солтүстігі мен шығысында, Атыраудың оңтүстігінде және Маңғыстаудың солтүстік-батысында нөсер жауын күтіледі. Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларында да жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Солтүстік пен орталық аймақтарда да жел екпінді. Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал Солтүстік Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде 25 м/с-қа дейін жетеді. Қостанайдың батысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстанның оңтүстігін тұман басады. Петропавл, Көкшетау және Қостанай қалаларында жел күшейеді. Павлодар облысының шығысында да 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Оңтүстік өңірлерде ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты. Жетісу облысының таулы аудандарында және Қызылорда облысының батысында түс ауа аздаған жаңбыр жауып, күн күркіреуі ықтимал.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Жамбыл, Түркістан облыстарында және Алакөл к маңында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында соққан желдің жылдамдығы 20 м/с-қа дейін артады.
Қолайсыз ауа райына қарамастан, елдің басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болып қала береді. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Шымкент, Жезқазған, Атырау, Ақтөбе және Тараз қалаларында өрт қаупі сақталады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026