Колледж бітірген соң қай мамандықпен жұмыс табу оңай
Қазақстанда колледж түлектері арасында жұмысқа орналасу деңгейі ең жоғары мамандықтар белгілі болды. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл жұмысшы біліктіліктеріне қабылдау 57 мың студентке дейін өскен.
«Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші де айтарлықтай артты. Ең жоғары көрсеткіш тігіншілерде – 79%, аспаздарда – 77%», – деді министр.
Қазір жұмысшы біліктіліктері бойынша мамандарды 480 колледж даярлап жатыр. Бұл оқу орындарында 131 мыңнан астам студент білім алады. Оның ішінде 103 мыңы, яғни 79%-ы 9-сыныптан кейін колледжге түскен.
Айта кетейік, 2030 жылға қарай колледж жасындағы жастар 1,5 млн-ға жетеді. Осы кезеңде экономикаға жыл сайын 225–256 мың маман қажет болады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026